Мектебіміздің "Руханият" кітап талқы клубы кезекті отырсында Бақытжан Бұқарбайдың "Күміс кітабы" талқыланды. "Күміс кітап" Бақытжан Бұқарбай атты Қазақстандық автордың 2016-2017 жылдары жазылған мотивациялық-ағартушылық бағыттағы кітабы. Ол Қазақстанда кең танылған кітаптардың бірі болып есептеледі және жастарды кітап оқуға, өзін-өзі дамытуға, білім алуға ынталандыруды мақсат етеді.Ой қозғау, бағыт беру мақсатында жазылған.
Кітаптың негізгі мақсаты:
-кітаптың адам өміріндегі орны;
-оқу арқылы тұлға қалыптастыру;
-білім мен уақыттың құндылығы;
-жастарға арналған кеңестер мен ойлар;
Кітап талқыға мектеп әкімшілігі, ұстаздар мен оқушылар қатысты. Сонымен қатар ана тілінің амбассадоры, кітап насихаттаушы блогер Айнұр Бұлақбайда қонақта болды.
"Кітап оқымаған адам—ойлануға ерінген адам".