НАУРЫЗ – ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ АЙЫ «Патриотизм - ата-анаңды құрметтей білуің...», «Тәуелсіздік - тәтті сөз ғана емес, ұлттық жауапкершілік», «Ар-намыс қана тәуелсіздікке тірек бола алады», «Патриотизмі жоқ халық жаны жоқ тәнмен тең» 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!
Кіру
AA+
Улица Г.Мусрепова 8/1
+7 776 113 0173
Мы приняли ваш запрос и в скором времени обработаем его! К сожалению, мы не смогли отработать ваш запрос.
Задать вопрос
НАУРЫЗ – ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ АЙЫ «Патриотизм - ата-анаңды құрметтей білуің...», «Тәуелсіздік - тәтті сөз ғана емес, ұлттық жауапкершілік», «Ар-намыс қана тәуелсіздікке тірек бола алады», «Патриотизмі жоқ халық жаны жоқ тәнмен тең» 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!
«Әлімхан Ермеков атындағы №38 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК

«Мен қарап тұрып, үндемедім… Ал сен ше?»
(«Буллингтен қорған!» жобасы аясында)
Заң және тәртіп айы аясында сынып жетекшісі Ермаханова Айдана Джамбуловна 7 "Г" сынып оқушылармен қауіпсіздік сабағын өткізді. Тәрбие сағаты барысында буллинг, кибербуллинг, құқықтық жауапкершілік және бейжай қалмаудың маңызы туралы кеңінен түсіндірілді.


Сабақ кезінде тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетіліп, оқушылармен талқылау ұйымдастырылды. Бейнероликтер арқылы нақты өмірлік жағдайлар қарастырылып, оқушылар өз ойларын ортаға салды.
Тәрбие сағатының мақсаты:
– оқушыларға Заң және тәртіп айының мәнін түсіндіру;
– буллингтің алдын алу, қауіпсіз орта қалыптастыру;
– оқушыларды жауапкершілікке, бейжай болмауға тәрбиелеу.
10 минуттық қауіпсіздік сабағында оқушыларға қиын жағдайға тап болғанда кімге және қалай жүгіну керектігі айтылды.
Бұл тәрбие сағаты оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, өзара сыйластық пен жауапкершілікке тәрбиелеуге бағытталды.

 Іс-шара соңында фото, видео есеп алынды.