Құрметті ата-аналар, оқушылар!
Жаңа 2026-2027 оқу жылына арналған мектеп формасына қойылатын талаптарды ұсынамыз:
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығына, 2025 жылғы 19 мамырдағы еңгізілген өзгерістер мен қосымшаға сәйкес: мектеп формасының түсі - қою-көк, классикалық үлгі сақталады;
Ұлдардың мектеп формасы:
пиджак, жилет, шалбар, ақ түсті салтанатты көйлек, күнделікті ақ түсті көйлек (қысқы мезгілде: тоқыма жилет, ақ водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар кең пішілген және ұзындығы бойынша аяқтың сирақтарын жауып тұрады.
Ұсынылатын ең аз жинақ: көйлек, жилет және шалбар.
Классикалық аяқ киім.
Қыздардың мектеп формасы:
пиджак, жилет, белдемше, шалбар, классикалық ақ блузка, сарафан (қысқы уақытта: тоқыма жилет, ақ водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар кең пішілген және ұзындығы бойынша аяқтың сирағын жауып тұрады. Белдемше ұзындығы - кеңсе үлгісінде, тізе бойында, тізеден 5 см жоғары болмауы керек.
Ұсынылатын ең аз жинақ: көйлек, жилет белдемше немесе шалбар.
Классикалық аяқ киім.
Сондай-ақ, шаш үлгісі классикалық, табиғи түсте болуы қажет. Мектептің ішкі тәртіп ережесіне сәйкес бағалы әшекейлер, түрлі аксессуарлар тағуға, талапқа сай келмейтін киімдер киюге, тырнақ өсіріп, бояуға рұқсат етілмейтінін ескертеміз.
Ата-аналар мен оқушылардан мектеп формасының талаптарын орындауды сұраймыз!
Бұл - ортақ тәртіп пен оқушы мәдениетін қалыптастырудың маңызды бөлігі.