Аманова Қарлығаш Нұрланқызы - ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі, серіктес мектеп координаторы. Республикалық және халықаралық деңгейдегі конференцияларда Lesson Study бағытындағы іс-тәжірибесін таныстырып келеді. Атап айтқанда, Ұлттық конференция-2023 (Астана), Ұлттық конференция-2025 (Алматы) және WALS-2025 (Хиросима, Жапония) конференцияларында тәжірибе алмасты. Кәсіби қызметі серіктес мектептер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға, педагогтердің зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруға және білім беру тәжірибесін жетілдіруге бағытталған.