Туитина Замзагуль Калкеновна - шебер ұстаз, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, World Association of Lesson Studies (WALS) қауымдастығының мүшесі. Lesson Study бағытындағы тәжірибесін халықаралық педагогикалық қауымдастықта насихаттап келеді. WALS-2019 (Амстердам), WALS-2021 (Гонконг), WALS-2022 (Куала-Лумпур), WALS-2023 (Зволле), WALS-2024 (Астана), WALS-2025 (Хиросима) халықаралық конференцияларында, сондай-ақ Ұлттық конференциялар (2023, 2025) аясында іс-тәжірибесін ұсынды. Педагогтің кәсіби қызметі білім беру сапасын арттыруға және мұғалімдердің зерттеушілік мәдениетін дамытуға бағытталған.