Жаңалықтар
Бүгін — 2 сәуір, Дүниежүзілік аутизм туралы ақпарат тарату күні.
Осыған орай мектебімізде психолог мамандардың ұйымдастыруымен арнайы іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында оқушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, түрлі тренингтер мен ойындар ұйымдастырылды.
Құрметті ата-аналар! 1-сыныпқа құжат қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 27 мамырдан басталады 31 тамызға дейінгі аралықта жүзеге асады

4 наурыз күні М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында мектеп парламенттері президенттері мен оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшыларының қатысуымен «Көктем симфониясы» атты мерекелік бал өтті. Аталған шара аналарға, ұстаздарға және барлық ару жандарға арналған көктемгі іс-шаралардың бірі болды.
Мерекелік бағдарлама барысында мектеп және студенттік парламент көшбасшылары салтанатты вальс биін билеп, қонақтарға көктемнің әсем көңіл күйін, сұлулық пен шабыт сыйлады.
5 наурыз күні мектебімізде Астана қаласы Білім басқармасының бастамасымен «Анаға арнау» хор ұжымдарының бірыңғай мерекелік челленджі өтті.
Челлендж аясында 9-сынып оқушылары және вокал үйірмесіне қатысатын оқушылар хормен ән айтып, аналарға деген шексіз сүйіспеншілігі мен жүрекжарды алғысын жеткізді.
8 “Е” сыныбы «ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСА» челленджін қабыл алды.❤️
Жақсылық жасау — жүректің ісі.Бірлік пен мейірім бар жерде әрдайым игі іс бар!
Осындай саналы,мейірімді оқушылар – мектебіміздің мақтанышы!
Жақсылық жасаудан шаршамайық.
#8Есыныбы #ЖақсылықЖаса #Челлендж #МектепӨмірі #Бірлік
«Қазақ қызы – ұлт айнасы»
Танымдық кеш
Құрметті 8-сыныптың ару қыздары!
Сіздерді қазақ қызының бойындағы әдептілік, инабаттылық, сұлулық пен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге арналған танымдық кешке шақырамыз!
23.01.2026 жылы 3”А” сыныпқа “Жоқ деп айта біл” тренингі жүргізілді.
Мақсаты:
-Балаларға өз шекарасын қорғауды үйрету;
-Басқалардың сұрағына «жоқ» деп айтуға батылдық беру;
-Өз сезімін білдіруді дамыту.
Қарлы күннің ызғарына қарамай, мектеп ауласын тазалауға келіп, азаматтықтың нағыз үлгісін көрсеткен ардақты әкелерге зор алғысымызды білдіреміз!
№38 МЕКТЕП ҰЖЫМЫНА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАЛАР ТҮСІНДІРІЛДІ
Астана қаласында «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясы Астана қалалық филиалының өкілдері №38 мектеп ұжымымен кездесу өткізді.
Астана қаласы әкімдігінің "Әлімхан Ермеков атындағы №38 меткеп-лицей" ШЖҚ МКК-де "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасының “Заң және тәртіп” тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде мектебімізде 8-11 сынып оқушыларына
Практический семинар состоялся в школе №38 имени Алимхана Ермекова (г. Астана). В рамках занятия участники выполнили практическую сборку проекта «Гидравлическая рука», отработав ключевые элементы инженерного конструирования и проектной деятельности.
“Адал азамат” Біртұтас тәрбие бағдарламасы “Заң және тәртіп” айлығы аясында “Қаржылық қауіпсіздік” бойынша 6 сыныптар арасында өткен “Qarzhyskill” чемпионатында командалық эстафеталар спорттық мереке түрінде өтті. Эстафеталық ойындарға қатысқан 6 а,б, в, г, д, е сыныптары арасында тартысты дода болды. Сайыскерлер 5 түрлі ойын эстафетасынан өтіп, Қаржылық сауаттылыққа байланысты сұрақтарға жауап берді.
24–25 қаңтар аралығында Nazarbaev University базасында өткен FIRST ASTANA & DRONES CHAMPIONSHIP робототехника жарысына Қазақстанның әртүрлі қалаларынан және Өзбекстаннан келген 45 команда қатысты.
Итоги второго этапа Школьной шахматной лиги GM Legends (г. Астана):
1 место — Школа-лицей №38 им. Алимхана Ермекова
2 место — РФМШ г. Астана
3 место — Бином им. Алтынсарина
Мектебіміздің "Руханият" кітап талқы клубы кезекті отырсында Бақытжан Бұқарбайдың "Күміс кітабы" талқыланды. "Күміс кітап" Бақытжан Бұқарбай атты Қазақстандық автордың 2016-2017 жылдары жазылған мотивациялық-ағартушылық бағыттағы кітабы. Ол Қазақстанда кең танылған кітаптардың бірі болып есептеледі және жастарды кітап оқуға, өзін-өзі дамытуға, білім алуға ынталандыруды мақсат етеді.Ой қозғау, бағыт беру мақсатында жазылған.
Кітаптың негізгі мақсаты:
«Мен қарап тұрып, үндемедім… Ал сен ше?»
(«Буллингтен қорған!» жобасы аясында)
Заң және тәртіп айы аясында сынып жетекшісі Ермаханова Айдана Джамбуловна 7 "Г" сынып оқушылармен қауіпсіздік сабағын өткізді. Тәрбие сағаты барысында буллинг, кибербуллинг, құқықтық жауапкершілік және бейжай қалмаудың маңызы туралы кеңінен түсіндірілді.
Заң және тәртіп – қоғам қауіпсіздігінің кепілі
«Заң және тәртіп» айлығы аясында мектебімізде құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған тәрбиелік іс-шаралар өткізілді. Аталған шараларға 5, 6, 7-сынып оқушылары қатысып, заң талаптарын сақтау, өз құқықтары мен міндеттерін білу, жауапкершілікті сезіну туралы маңызды ақпарат алды.
Астана қаласындағы Әлімхан Ермеков атындағы №38 мектеп-лицейімен серіктестіктің басталғанын қуана хабарлаймыз
Бұл серіктестік білім беру бағдарламаларын дамытуға, тәжірибе алмасуға және бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндіктер ашады